Leksikografiyanıñ Özekti Mäseleleri kitabını indir

Leksikografiyanıñ Özekti Mäseleleri
Лексикография – тіл білімі ғылымындағы жеке сөздің, сөздік бірліктің барлық қасиеттерін жинақты түрде қарастыратын бірден-бір сала. «Лексикографияның өзекті мәселелері» атты жеке жинаққа филология ғылымдарының кандидаты Жанар Төлеубайқызы Байниязованың сөздік жасау тәжірибелеріне, лексикография теориясына байланысты Қазақстанда жарияланған мақалалары еніп отыр. Жанар Төлеубайқызы, көп жылдардан бері түркі жұртының рухани астанасы, киелі Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «түрік тілі мен әдебиеті» кафедрасында жемісті еңбек етіп келеді. Жанар Байниязованың лексикографияға қатысты бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының топтастырылып, жинақ түрінде қазақ тілінде Түркияда жариялануы туыс, бауырлас елдің түбі бір түркі халықтарының ғылымына деген ықыласын және ғылымды жан жақты дамыту бағытындағы ұстанымын көрсетеді. Еңбектің сөздік түзу және сөздік теориясымен айналысатын ізденушілерге, студенттерге және көпшілік оқырманға пайдалы болады деген үміттеміз.

Bir cevap yazın

E-posta hesabınız yayımlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir